Алдағы аптада Қазақстанда Ұлттық мереке – Республика күні, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Биыл Республика күні аптаның сәрсенбісіне сәйкес келеді. Сәйкесінше, 25 қазан – демалыс болмақ. Бұл ретте жұмыс күні демалыс күндеріне ауыстырылмайды.
Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар бір күн (25 қазан) демалады, кейін қалыпты екі жұмыс күні (26, 27 қазан), содан кейін демалыс – сенбі мен жексенбіде (28, 29 қазан). Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері – 25 және 29 қазанда.
Роза Әділханқызы