Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда киік санын азайтуға қатысты жоспармен бөлісті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Kazinform-ға сілтеме жасап.
«Биологиялық негіздемеге сәйкес, киік санын реттеудің екі түрі ұсынылды. Біріншісі – коралдық (киіктерді айдап кіргізетін қоршау) әдіс. Бұл іс-шара әдетте күндіз жүргізіледі. Екіншісі – түнгі уақытта ату. Біз бірінші жолмен жүрдік. Алайда, ауа райының жағдайына және көлікті тиімді пайдалану мүмкіндігінің жоқтығына байланысты еінші әдісті жоспарлап отырмыз. Мен жауаптан қашпаймын, киік санын реттеу қажет», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Министрдің атап өтуінше, бүгінде киік саны тарихи көрсеткіштен асып кеткен көрінеді.
«Бұл қасқыр сынды тахи реттеушінің жоқтығын орын алып отыр. Бұрын жұт, құрғақшылық болып, жайылым болмай қалатын. Мұнан бөлек, ауру таралатын», - деді Ерлан Нысанбаев.
Министр осы уақытқа дейін коралдық әдіспен 90-нан астам киік ауланды. Сонымен қатар 14 киік атылғанын алға тартты.