Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) тек жеке тұлғаларға қызмет көрсеткен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Егер күнтізбелік жыл ішінде алынған табыс 4,1 млн.теңгеден (1175 АЕК) аспаса, БЖТ төлеген азаматтар дара кәсіпкер (ДК) ретінде тіркелмеуге құқылы болды.
БЖТ төлеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызмет көрсетуді пайдалануға, әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік берді.
БЖТ қолдану кезеңі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
2024 жылдан бастап пәтерді жалға беретін азаматтар салықты мынадай тәсілдердің бірімен төлей алады:
- ДК ретінде тіркелу және таңдалған салық режиміне байланысты салық төлеу.
Мысалы:
патент негізінде арнаулы салық режимі (АСР) – жеке табыс салығының мөлшерлемесі (ЖТС) 1%, патент 1 айдан бір жылға дейін сатып алынады;
оңайлатылған декларация негiзiндегi АСР – ЖТС мөлшерлемесі 1,5 %, әлеуметтік салық 1,5%, есептілік жартыжылдықта 1 рет беріледі;
арнаулы мобильді қосымша пайдаланумен АСР, ЖТС мөлшерлемесі 1%, есептілік ұсынылмайды, қосымша сіз үшін салықтар мен төлемдерді есептейді.
Бұл ретте әлеуметтік төлемдерді де төлеу қажет екенін есте ұстаған жөн. Жеңілдікті санаттарға жатпайтын кәсіпкердің әлеуметтік төлемдерінің ең төменгі сомасы 2023 жылы 14350 теңгені құрайды. Бұл кәсіпкердің пайдасына төленетін төлемдер (2023 жылға зейнетақы жарналары – 7000 теңге, әлеуметтік аударымдар – 2450 теңге, медициналық сақтандыруға жарналар – 4900 теңге);
- ДК тіркеусіз:
жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00-нысан) жылына бір рет тапсырылады, ЖТС алынған кіріс сомасының 10% мөлшерінде табыс етіледі;
пәтерді заңды тұлғаға немесе ДК жалға беру кезінде жалға алушы сіз үшін салық төлейді. ЖТС сомасы 10%, міндетті зейнетақы жарналары – 10%, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар – алынған кіріс сомасының 2% мөлшерінде.