Өскеменде қызылшадан 6 айлық нәресте көз жұмды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы үш тәулікте Өскеменде 92 адам қызылша жұқтырған. Оның 90 пайызы вирусқа қарсы екпе алмаған.
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда 20 мыңнан астам адам қызылша жұқтырды. Медицина мамандарының айтуынша, эпидемиологиялық ахуал өте күрделі. Санитарлық дәрігерлер күн сайын елде вирус жұқтырудың 350 жағдайын тіркейді. Көбіне қызылша 14 жасқа дейінгі балаларға үйір келетін көрінеді.