ҚР Туризм және спорт министрлігі республика тұрғындарын жұмыс істеп тұрған лотоматтар туралы хабарлауды сұрайды. Белгілі болғандай, 30 қаңтардан бастап «Сәтті Жұлдыз» бүкіл ел бойынша Lotomatic терминалдары арқылы электронды лотерея таратуды тоқтатты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
"Кейбір жерлерде ресми сары-көк Lotomatic терминалдары ретінде стильдендірілген контрафактілік машиналар жұмысын жалғастыруы мүмкін. Біз азаматтардан қырағы болуды және заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды сұраймыз, сондай-ақ Lotomatic дүңгіршектерінің жұмысының барлық фактілері туралы хабарлауды сұраймыз», – делінген Туризм министрлігінің хабарламасында.
Министрлік әрбір өтініш «лотерея операторымен және құқық қорғау органдарымен бірге мұқият зерттеледі» деп уәде берді.
Хабарлама, өтінішті Telegram bot stop_online_casino_bot және WhatsApp-қа +7 (707) 907-15-07 нөмірі бойынша жіберуге болады.