Бұл туралы Президент "әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" Жолдауында айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz тілшісі.
"Шикізатты, кадрлар мен тауарларды, басқаша айтқанда, елішілік құндылық деп аталатын барлық нәрсені барынша пайдалану маңызды. Жаңа өнеркәсіптік саясат арқылы біз дамудың сапалы басқа моделіне көшуіміз керек.
Мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, елдегі өндірістік циклды "жабуы" керек. Бұл реттеуші және ынталандырушы механизмдерді қолдануды талап етеді. Өңдеу өнеркәсібі шикізатты жеткілікті көлемде және тиімді бағамен алуы керек.
Сондай-ақ реттелетін сатып алуларда отандық тауарлардың көлемін ұлғайту және офтейк жүйесін толығымен іске қосу маңызды. Отандық өндірушілермен офтейк-келісімшарттардың үлесін кем дегенде 10% - ға дейін жеткізу қажет. Бұл жыл сайын 2 триллион теңге", - деді Президент.