Президент еліміздің туристік әлеуетін арттыру үшін 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындау керектігін айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда. Бұл ретте металды терең өңдеу мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн. Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, туризм саласындағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатырғанын, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келе жатқанын жеткізді.
«Жалпы, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуға тиіс. Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды. Оны іске асыруға шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн»,- деді Президент Жолдауында.