Синоптиктер күзде қандай ауа райы күтілетінін айтты, -деп хабарлайды mangystaumedia.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қыркүйек
Қыркүйекте ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормаға жақын, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбенің солтүстік-батыс жартысында, Қостанайдың солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облыстарының шеткі солтүстік-батысында нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде.
Қыркүйек айындағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын, Маңғыстау, Ұлытау облыстарында және Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, сонымен қатар Атыраудың оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облыстарының шеткі оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп болжануда.
Қазан
Қазан айында ауаның орташа айлық температурасы республика аумағының басым бөлігінде нормадан 1° жоғары, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аймақтарында нормаға жақын болады деп күтілуде.
Қазан айында жауын-шашын мөлшері республика бойынша нормаға жақын болады деп күтілуде.
Қараша
Қарашада ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Жетісу облыстарының басым бөлігінде нормаға жақын болады деп күтілуде.
Қараша айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан аз болады. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, оңтүстікте Алматы облысының жартысы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормаға жақын болады.