Бүгін таңертеңгі сағат 11 шамасында Атырау облысында екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
6 сәуірде Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда, жолдан шығып аударылған.
Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.