© Kaz.inform.kz
Жем өзенінің тасқын суы басқан Құлсары қаласында егіз ұл дүниеге келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, нәрестелердің анасы Құлсары қаласындағы Жылыой аудандық орталық ауруханасында босанған.
Алайда, нәрестелер қауіпсіздік мақсатында жедел жәрдем көлігімен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген.
«Қазір нәрестелердің жағдайы бірқалыпты. Егіз ұл — жас отбасының төртінші және бесінші баласы. Сәбилердің бойы — 52 см. Екеуінің салмағы бірдей емес. Біреуінің салмағы — 3500, екіншісінің салмағы — 3350 грамм» деп мәлім етті облыстық әкімдіктен.
Еске сала кетелік, бұған дейін тасқын су Атырау облысындағы Құлсары қаласына кірген болатын.