Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ақтаудағы взвод командирі өз өкілеттілігін асыра пайдаланғандықтан әскердегі жұмысынан босатылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін құқық бұзушылық жасаған әскери қызметші Қарулы Күштер қатарынан шығарылады”, - делінген хабарламада.
Ведомствода қызмет бабын асыра пайдалану фактісі тамыз айында анықталғанын атап өтті. Бұрын белгілі болғандай, 25744 әскери бөлімінің взвод командирі әскерге шақырылғандарға жұдырық қолданып, таяқ және орындықпен ұрған.
Ақтөбе гарнизоны әскери сотында тараптардың татуласуына байланысты сот отырысы тоқтатылды.
"Қарулы Күштердегі мұндай құқықбұзушылық жағдайлар аз. Оның үстіне бірде-бір іс қараусыз қалмайды. Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық қудалау органдарына жан-жақты көмек көрсетіледі", - деп атап өтті Қорғаныс министрлігі.