Көлік министрлігі Жайық пен Каспийдің арасын тереңдету арқылы жүк тасымалының көлемін ұлғайтуды ұсынып отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Өзендегі кеме қатынасының одан әрі дамуына септігін тигізетін негізгі бағыттың бірі – ол Жайық-Каспий каналы арқылы экспорт тасымалын қайта қалпына келтіру. Келесі жылы бұл каналда тереңдету жұмыстары басталады. Келешекте кеме жүру параметрлерін тиісті деңгейде ұстау үшін тереңдеткіш техника сатып алу жоспарланып отыр», - деді Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында.
Оның сөзінше бұл жоба KPI және ТШО сияқты компаниялардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Тасымалдың болжамды көлемі шамамен 1 млн тонна болмақ.