© Kapital.kz
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қарызын төлей алмайтын қазақстандықтарға несие беруге тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты zakon.kz сілтеме жасап.
"Онлайн несиелендіруді неғұрлым қатаң реттеу керек. Несие берудің шарттарын қайта қарау керек. Жеке тұлғаларға берілетін несиелердің шекті пайыздық мөлшерлемесін төмендету маңызды. Бұл несиелерді коллекторлық ұйымдарға сатуға толық тыйым салуды енгізу керек. Себебі кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар баспанасынан айырылып, көшеде қалуына жол бермеу керек. Сондықтан бүгін халықтың қарыздық жүктемесін азайту шараларын жан-жақты талқылап, нақты шешімдер қабылдауымыз қажет», - деді Е. Қошанов.
Спикердің айтуынша, адамдар несиені ойланбастан, тіпті, мүлдем қажет емес нәрселер үшін де ала бастаған.