Биыл 16 желтоқсанда тәуелсіздіктің 32 жылдығы тойланады. Мереке күні сенбіге сәйкес келеді, сондықтан «Электрондық үкімет» сайтындағы мерекелер күнтізбесіне сәйкес демалыс күні дүйсенбі, яғни 18 желтоқсанға ауыстырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы мерекенің мәртебесі жалпыұлттықтан мемлекеттікке ауыстырылған еді. Бұған дейін Тәуелсіздік күні екі күн қатарынан 16 және 17 желтоқсанда тойланса, енді мерекелер саны қысқарды.
Сонымен қатар 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылды. Бұрын бұл күн де – демалыс күні еді.
Ал 30 және 31 желтоқсан ресми түрде жұмыс күні болып саналғанымен, биыл демалыс күндеріне, яғни сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді.