Қазақстанда тауар төлемін кеңінен таралған мобильді аударымдармен қабылдауға тыйым салынды. Қаржы министрі тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның Салық кодексінде барлық есептеулер бақылау-кассалық машиналардың көмегімен жүргізілуі тиіс. Бұл туралы Қаржы министрлігі бірнеше жыл бойы кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келді.
Сонымен қатар, мобильді төлемдерге банктің қосымшасындағы QR коды бойынша төлем жасауға да рұқсат етілген.
- Бақылау-касса машинасын қолданбаған кәсіпкер үшін айыппұл қарастырылған. Бізде "Азаматтық бақылау" акциясы бар, оның аясында кез келген салық төлеуші оның POS-терминалмен төлем қабылдамағаны фактісін бейнежазбаға түсіре алады және осы деректер бойынша біз алдағы уақытта да шаралар қабылдайтын боламыз, - деді Қаржы министрлігі МКК Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы Данат Кезембаев.