ҚР азаматтары атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш бұйымдарды өз еркімен тапсырған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің маңызды бағыттарының бірі — қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және ҚР азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғау.
- Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, атыс қаруын қолдана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарды болдырмау және қылмыстардың жолын кесу мақсатында Маңғыстау облысында азаматтардан атыс қаруын, оқ-дәрі, жарылғыш бұйымдарды сатып алу акциясы сәуір айының 22-ші жұлдызынан басталады, - деп жазылған МО полиция департаментінің хабарламасында.