2023 жылғы 3 қаңтардағы Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге енгізілген өзгерістер экологиялық құқық бұзушылықтар мен вандализм үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Елеулі залалды 100-ден 50 АЕК-ке дейін (345 000 теңгеден 172 500 теңгеге дейін) азайту қарастырылуда; ірі залал – ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау кезінде 1000-нан 500 АЕК-ке дейін (3 450 000 теңгеден 1 725 000 теңгеге дейін).
«Жерге зиян келтіру» бабында ерекше қорғалатын табиғи аумақта зиян келтіргені үшін жазаның неғұрлым қатаң түрі қарастырылған.
«Жер қойнауын өз бетінше пайдалану» бабының 1 бөлігі қылмыстық құқық бұзушылық санатынан қылмысқа ауыстырылып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны енгізу арқылы санкциясы қатайтылды.
Сол баптың 2-бөлігінің санкциясы да 3 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қатаңдату арқылы өзгертілді.
Вандализм
Бұзақылық, яғни тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекет қорғайтын табиғи объектілерді, жазуларды немесе сызбаларды қорлау, нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер үшін 50-ден 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 40 тәулікке дейін қамауға алыну қарастырылған.