Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сенат отырысында Қазақстанда 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу туралы айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Энергетикалық сусындар өте зиянды – әсіресе өскелең ұрпақ үшін, осыған байланысты 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға шектеу қойылады. Сонымен қатар, біз автоматтарда да сатуға тыйым салатын ережені күшейтеміз. Сондай-ақ, жарнамаларына да тыйым салу жоспарлануда», - деді вице-министр.
Ол алдағы уақытта бұл өнімдерге салынатын салықты қайта қарау жоспарланып отырғанын айтты.