Жаңа медиа платформа Каспий маңы елдерінің ақпарат агенттіктерін біріктіріп, ақпарат алмасуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Каспий today» жаңа медиа-платформасының тұсаукесері Астраханьдағы екі күндік IX Каспий медиа форумы аясында өтеді.
Астрахан облысы губернаторының міндетін атқарушы Павел Паутовтың айтуынша, платформа көптілді болады, жаңалықтарды алты тілде, соның ішінде әзербайжан, ағылшын, қазақ және түрікмен тілдерінде оқуға болады. Ал негізгі бет ағымдағы ақпараттық суретке арналады.
– Ақпарат айдынындағы алғышарт - тікелей фейктердің таратылуына қарсы тұру, сенімді ақпаратты кең аудиторияға жеткізу. Осыған орай біз «Каспий Today» халықаралық Каспий медиа-платформасының жобасын таныстырғымыз келеді және оның жұмысына Каспий өңірі елдерінің журналистерін қатысуға шақырамыз. Халықаралық журналистер, бизнесмендер және студенттер үшін бейімделген бұл бірыңғай контент-платформа ақпарат тапшылығын жоюға және оның қолжетімділігін арттыруға көмектеседі деп сенеміз, - деді Павел Паутов.
Айта кетейік, Каспий медиа форумының жұмысына Каспий елдерінің делегациясы, сондай-ақ Өзбекстан мен Молдованың сарапшылары қатысып жатыр. Форумның тақырыбы – «Каспий елдері дамуындағы диалог мәдениеті».