Министрлік баспасөз қызметі әлеуметтік желіде таралған вице-министр мен министр арасындағы жанжал туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты qalyk.uni-не сілтеме жасап.
Жандос Нұрмағамбетов 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ министрлік баспасөз қызметі әлеуметтік желіде таралған вице-министр мен министр арасындағы жанжал туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Жандос Нұрмағанбетов Энергетика вице-министрі лауазымына 2021 жылдың 13 желтоқсанында тағайындалған.