Бұл функция Энергетика министрлігінің комитетіне жүктеледі. Министрлік «Жылу энергетикасы туралы» жеке салалық заң әзірледі. Заң жобасы Кәсіпкерлік кодекстен электр және жылу энергиясы саласындағы мониторингті орындау тәртібін алып тастайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Енді жылу желілеріндегі бақылау функциялары жергілікті атқарушы органдардан Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне берілді.
Бүкіл саланың мониторингі мен бақылауы Цифрлық энергетикалық платформаны құру арқылы орындалады деп жоспарланып отыр.