Қазіргі таңда көптеген құрылымдар тасқын суға қарсы күресуде өз үлестерін қосып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Осындай құрылымдар қатарына еліміздің айбыны болған Ұлттық ұлан да кіреді. Ұландықтар ел басына туған бұл қиындықтан құтылу үшін өз күштерін аямай күн-түн демей, халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін күресуде. Еліміздің көк туын шетелде танытып жүрген әнші Димаш Құдайберген Ұлттық ұлан жауынгерлеріне өз алғысын білдірді.
-Осы жағдайда ұландықтардың атқарып жүрген еңбектері өте көп. Халқымыздың тыныштығы мен қауіпсізді үшін барын салып, қызмет атқару - ол да бір ерлік десем артық айтқаным емес, - деді Димаш Құдайберген.
Димаш Құдайберген Ақтөбеге сапары барысында қайырымдылық қорына 15 миллион теңге аударды.