Бүгін, 24 қаңтар таңғы уақытта Алматыда бірнеше жер сілкінісі болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Kazinform-ға сілтеп.
Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Бірінші дүмпу таңғы сағат 05:50 кезінде болды. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қытай аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.1. MPV магнитудасы — 5.0. Тереңдігі — 5 шақырым. Алматыда сезілген жоқ.
Екіншісі таңғы 07:35 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді. Энергетикалық санаты — 11.3. MPV магнитудасы — 4.9. Тереңдігі — 5 шақырым. Оны да алматылықтар сезбеді.