Бүгін, 4 сәуір күні сағат 16:00-де «Доссор-Құлсары-Атырау облысы шекарасы» бөлігін тасқын су басып, Боранқұл ауылынан Атырауға шығатын жол жабылды, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы мәлімдеді.
«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолының 220-210 шақырымы көлік құралдарының барлық түріне жол қозғалысы тоқтатылды. Яғни, көліктер Боранқұл ауылынан ары қарай өте алмайды.