Биыл Қазақстанда 3333 жеке кәсіпкер мен заңды тұлға мейрамхана бизнесін ашу үшін тіркелген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мейрахана ісі саласында тіркелгендердің саны бойынша Астана қаласы 1436 жеке кәсіпкермен, Алматы қаласы 521 заңды тұлғамен көш бастап тұр.
Бюджетке қоғамдық тамақтану қызметінен түскен салық 2023 жылдың 7 айында – 66 миллиард 700 миллион теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24 миллиард 600 миллион теңгеге артық түскен.
Ал 2022 жылдың 7 айында 42 миллиард 100 миллион теңге салық төленген.
Жалпы «мейрамхана бизнесі» бойынша 2022 жылдан бері Қазақстанда 8384 жеке кәсіпкер мен заңды тұлға кәсіпкерлігін тіркеген.