Үш жыл ішінде Қазақстанда 14 балалар үйі жабылды. Бұл туралы Білім министрі Ғани Бейсембаев тамыз айындағы дәстүрлі мұғалімдер жиналысында мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
"22 мың жетім баланың 80 пайызы қазір отбасыларда тәрбиеленуде. Отбасылық құрылымның баламалы нысандарын – "кәсіби патронаттық отбасыларды" құру жоспарлануда, – деді министр.
Жетімдерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге келетін болсақ, Ғ.Бейсембаевтың айтуынша, 2022 жылы олардың 700-і пәтер алған көрінеді.
Өткен жылдың соңында асырап алушы отбасылар институтын бұрынғы Білім министрі Асхат Аймағамбетов жариялаған болатын. Бірақ өткен уақыт ішінде ол ешқандай заңмен ресімделмеген.