Қазақстан мектептері бұрынғы 34 апталық оқу ұзақтығына оралады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
2023-2024 оқу жылында соңғы қоңырау енді екі апта бұрын – 25 мамырда соғылады.
«Бұл мәселеге қатысты қоғамда сын көп болып, педагогтар қауымдастығы тарапынан ұсыныстар болды. Бұл әлемдік тәжірибе екендігін мойындауымыз қажет. Дегенмен, мұндай жаңашылдықты енгізген кезде барынша тыңғылықты дайындық қажет етіледі. Министрліктің шешімі дұрыс деп санаймын. Бірақ, асығыстық болды. Осыған орай осы оқу жылында 34 апталық оқу ұзақтығына оралып, сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп есептеймін», - деді Тамара Дүйсенова.
Ол оқу ұзақтығын 2025 жылдан кейін қайта қарастыруды ұсынды.
Еске салайық, ата-аналар 36 апталық оқу ұзақтығын жоюды бірнеше рет айтқан.