Бұл туралы Білім министрі Ғани Бейсембаев "Алтын белгіге" үміткер мектеп түлектерімен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Келіп түскен көптеген ұсыныстарды ескере отырып және сарапшылармен ақылдаса отырып, Министрлік осы және одан кейінгі жылдары" Алтын белгіге" үміткерлер өз мектептерінің қабырғасында бітіру емтихандарын тапсырады деген шешім қабылдады. Біздің оқушыларымыздың жоғары моральдық қағидаттары бар екеніне және емтихан тапсыру кезінде академиялық адалдықты сақтайтынына сенімдімін. Сіздің болашақ қызметіңізге сәттілік тілеймін және әрқашан мақсатқа ұмтылыңыз", - деді министр мектеп түлектеріне.
Биыл "Алтын белгі" жалпы орта білім туралы аттестатқа 6817 оқушы үміткер.