© the-village-kz.com
Бұл туралы «Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы» халықаралық конференциясында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. Ол елде соңғы екі жылда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторларының штаты екі есе өскенін атап өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Әйелді кейде әйел ғана түсінеді. Сондықтан біз әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмысын тергеуге әйел тергеушілерді мамандандыруды енгіздік", - деді Ерлан Қошанов.
Оның айтуынша, республика бойынша тергеу топтарына 280 әйел тергеуші енгізілген.