Атыраудағы тұрғын үйде жарылған газдан зардап шеккен үш айлық бала қайтыс болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Үш айлық бала тұрғын үйдегі жарылыстан кейін жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Нәресте жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
"5 қаңтарда үш айлық бала қайтыс болды, ол тұрғын үйдегі газдың жарылуынан зардап шекті", – деп хабарлайды балалар ауруханасының баспасөз қызметі.
2 қаңтарда Атырау облысының Көкарна ауылында жеке үйде газдың жарылуынан өрт шықты. Оқиға болған кезде үйде бес адам болған. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылды.
Кейінірек ауруханада 1965 жылы туған ер адам мен 1970 жылы туған әйел адам қайтыс болғаны белгілі болды.