Астана полиция департаментінде оның ұсталғаны туралы айтылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.
Әлеуметтік желілерде таратылған кадрларда кіреберістердің бірінде ер адам алдымен бір баланы бетке ұрып, екіншісін тепкілеп, үшіншісін тұншықтырып жатқанын көруге болады.
Байқоңыр ауданының құқық қорғау органдары 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.
"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді полиция.