Бүгін қаланың барлық мектебі мен колледждерінде түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істеуіне байланысты бірінші ауысымдағы сабақ тоқтатылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Дегенмен қала бойынша балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді. Басқа мекемелер мен ұйымдар да штаттық жұмысын жалғастырады. Оның ішінде Алматы халықаралық әуежайы да жұмысын тоқтатпайды.
Жер сілкінісі кезінде Алматы әуежайы бес ұшақты қабылдаған. Олардың бірі қонса, екіншісі қосалқы аэродромға ауыстырылды. Ал қалған ұшақтар дүмпу басылғанша ұшып жүрді. Әуе қозғалысын ұйымдастыру 20 минутқа тоқтап, жер асты дүмпулері тоқтаған кезде диспетчерлер қайта қызмет көрсете бастады. Барлық ұшақтар қонуды сәтті аяқтады.