«Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының болашақ офицерлері мен оқушылары аурухананың төрт бөлімін аралап, жүзден астам балаға қуаныш сыйлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Олар бұл іс-шараны ұйымдастыруға шығармашылықпен қараған. Альпинист Аяз ата төбеден терезе арқылы балалар бөлмесіне түсті. Аяз атаң рөлін «Киров» әскери-патриоттық клубының түлегі Мұхит Тұрдықұлов сомдады, ол бес жыл альпинизммен және құзға өрмелеумен айналысқан.
– Жаңа жыл қарсаңында балалар ауруханасына бару – біздің институттың командирлері мен курсанттары үшін қалыптасқан дәстүр. Балалардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, өзіміз де көптеген жағымды эмоциялар алдық. Осы кішкентай қуаныш олардың сауығып кетуін тездетеді деп сенеміз, - деп бөлісті курсант Нұрбек Бердіш.
Денсаулығына байланысты Жаңа жылды ауруханада қарсы алуға мәжбүр болған балалар үшін бұл нағыз ғажайып оқиға болды. Сарбаздарға ата-аналар мен медицина қызметкерлері де риза болды. Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар тезірек сауығып кетсін деген тілекпен қатар, әр балаға жаңа жылдық сыйлықтар тарту етті. Балалар құттықтауларды қуана қабылдап, ән айтып, өлең оқыды.