© egemen.kz
Бір апта бұрын Almaty Hostel-інде болған өрттен 13 адам көз жұмған еді. Бірі Алматыға оқуға келсе, екіншісі жұмыс үшін келген. Төменде үш адамның оқиғасы баяндалады. Олардың тағдырының ұқсастықтары да бар деп хабарлайды, mangystaumedia.kz сайты orda.kz-ке сілтеме жасап.
Almaty Hostel-де қаза тапқандардың біразы Түркістан облысының тұрғындары. Олардың әлеуметтік желідегі парақшаларына қарағанда олар ауылдық жерден келгендер. Солардың бірі Қаюм Назаров жеке парақшасында балаларының суретін жиі жариялайтын болған. 32 жастағы жігіт Алматыға жүк тиеуші болып жұмыс істеген. Соңғы рет ғаламторға 29 қараша күні сурет жүктеген. Көктөбе және Тәуелсіздік монументтері жанындағы суреттерін салған.
Ал Никита Королев Ақтаудан барған. Ол Almaty Hostel жатақханасына бір ай бұрын орналасқан. 2022 жылы Абылайхан атындағы университетке оқуға түседі. “Жатақханада тұрған маған ұнады, себебі көңілім тыныш еді, сағат түнгі 11-ден соң далаға шығуға тыйым салатын” - дейді анасы Евгения.
Анасының айтуынша, ол 30 қараша күні Ақтауға қайтуды жоспарлап, билет алып қойған екен. Никита IT саласын таңдаса да, өзі шығармашылыққа жақын адам болған. Тірі болса Никита 24 желтоқсанда 20 жасқа толар еді.
Қаза болған 13 адамның ішінде екі ресейлік және екі өзбекстандық азамат бар. Солардың бірі - татарстандық Надир Абдусалямов.
Ресейлік БАҚ ол туралы қысқаша мағлұмат берді. Ол набережный Челновте туылған, біраз уақыт Казаньда тұрған. Кейін үйіне оралып, 2023 жылы көктемде Қазақстанға келген. Себебі, мұнда да туыстары бар екен, әкесі Қазақстанда туылған. Әпкесі Алсудың айтуынша, ол ақшасы аздығынан осы хостелде тұруға мәжбүр болған. “Өмірге құштар болатын, тіпті ең ауыр жағдайлардың өзін еңсеріп білетін”, дейді ол.