Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микронесиелерді электронды түрде берудің қолданыстағы ережелеріне өзгертулер енгізу туралы бастама көтерді. Құжаттағы өзгерістерге сәйкес, қазақстандықтарға алаяқтар берген шағын несиелер енді есептен шығарылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты alau.kz сайтына сілтеме жасап.
«Атап айтқанда, егер сот клиенттің өз атына берілген шағын несиені алмағанын анықтаса, онда оны берген ұйым (Микро қаржы ұйымдары – МҚҰ) 15 жұмыс күні ішінде белгілі бір шараларды қабылдауы тиіс. Біріншісі – клиенттің осы шағын несие бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім шығарып, тарихқа түзетулер енгізу қажет», – дейді ҚР реттеу және даму агенттігінің Қостанай қаласы бойынша өңірлік өкілдер бөлімінің бас маманы Асхат Нұрманов.
Сондай-ақ белгілі бір мерзімге дейін қарызды өтеген болсаңыз, сома толығымен қайтарылады. Бірақ алаяқтық фактісі бойынша шешімді сот шығарады, ал бұл – өз кезегінде қиындық тудыруы мүмкін. Егер сот тұлғаның өз кінәсінен алаяқтарға алданып, несие бергенін анықтаса, микроқаржы ұйымдары клиенттен оған берілген микрокредит бойынша берешегін өтеуді талап етуге құқылы. Өйткені кей қазақстандықтарөз еріктерімен PIN-кодтарды жазып, бейнебайланыс арқылы банктер сұрайтын жеке басын растау процедурасынан өтеді.