Елордада қазақша контент өндірушілердің «QazaqSham» атты форумы өтті. Сенат парламентінің төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысқан жиынға еліміздің біршама беделді контент өндірушілері мен Ақтаулық «Aktown» жобасының жетекшісі Нұрсұлтан Мырзабек те барған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«QazaqSham» форумында Нұрсұлтан Мырзабек өз жобасының идеясы мен мақсатын айқындап келгенін айтты.
Оның айтуынша, елімізде қазақ тіліндегі контенттің маңыздылығына ерекше назар аударылып жатыр. Ол бұл бастама тек жақсы нәтижеге алып келетініне сенетінін айтты.
«Басқа өңірлердің жастары өз шығармашығын дамыту үшін өз өңірінде қажет мүмкіндіктерді алуы тиіс. Ал ол мүмкіндік өңірлердің өз шығармашылық стилін қалыптастырады. Қазіргі таңда қазақша контенттерге жақсы көңіл бөлініп жатыр. Оның қатарында біздің де үлесіміз бары жатқаны өте қатты қуантады, - дейді жоба авторы.