Қайғылы оқиға Аршалы ауданы, Арнасай ауылынан 2 шақырым жердегі Астана су қоймасында болған. Астанадан келген отбасы онда демалуға барған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өкінішке қарай, демалуға барған отбасы суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған.
Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, әуелі отбасының қызы суға түсіп, бата бастаған. Ізінше әкесі мен ағасы оны құтқаруға асыққан. Дүрбелеңнің арасында анасы да отбасын құтқаруға асыққан. Өкінішке қарай, жел мен толқынның салдарынан бір отбасы түгелдей суға батқан.
"Куәгерлер 1980 жылғы әйел мен 2001 жылы туған қыздың денелерін тапқан. Ал 1977 және 2000 жылы туған екі адамның денесін іздеу әлі жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.