ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов Нұр-Сұлтандағы Назарбаев әуежайында орналасқан санитарлық карантиндік пунктке барды. Министр Қытайдан келетін ұшақтың жолаушыларын тексеру шараларымен танысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-парақшасына сілтеме жасап.
Бүгінде елорда әуежайында ҚХР-дан келген 6 мыңнан астам азамат тексеруден өтті. Олардың барлығы ұшақтан түспей тұрып сауалнама толтырады. Ол Қытайдан Қазақстанға келген азаматтарды 14 күн бойы бақылауда ұстау үшін қажет.
Жалпы, профилактикалық жұмыстар 6 қаңтарда басталған. Е.Біртанов санитарлық карантиндік пункттегі сақтық шараларын күшейтіп, мамандардан тек ұшақ бортында ғана емес оқшаулау бөлмесінде де арнайы костюм киіп жүруді талап етті.
Сондай-ақ Е.Біртанов Назарбаев әуежайындағы оқшаулау бөлмесін кеңейту туралы тапсырма берді.