Студенттер, магистранттар және докторанттардың шәкіртақысы 25%-ға артты. Шәкіртақының жаңартылған көлемі Білім және ғылым министрлігінің Telegram-каналында жарияланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап студенттерге, магистранттарға және докторанттарға шәкіртақының 25%-ға артатынын жариялаған болатын. Кейін аталған тапсырманың қалай жүзеге асырылатыны туралы Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетов айтып берген еді.
«Студенттердің шәкіртақысын көтеруге республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді. 1 қаңтардан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқып жатқан барлық студенттердің шәкіртақысы 25% өседі. Бұл Президенттің тапсырмасы және ол өз уақытында орындалады. Енді ол үшін қанша қаражат керек деген сұрақ туындайды. Бір жылды алып қарасақ, ЖОО студенттеріне 13 млрд теңге қаржы қажет», - деген еді А. Аймағамбетов.