1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 2009 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті жүйесінде түрлі қызметтер атқарды. 2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің проректоры болып тағайындалды. 2008 жылдан 2011 жыл аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің проректоры болды. ҚР Білім және ғылым миинистрлігінде департамент директорының орынбасары, директоры лауазымдарын атқарды.
2014 жылдан 2016 жыл аралығында Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат Жоғарғы мектебінің атқарушы директоры болды.
2016 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметін атқарды.
2019 жылдың сәуір айында ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор. «Құрмет» орденімен марапатталған.