©
Мемлекет басшысының Өкімімен Исатай Бақтиярұлы Сартаев – Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Исатай Бақтиярұлы Сартаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылды", - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.