2018 жылдың басынан валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Бірінші тоқсанда теңге бір АҚШ доллары үшін 318,31 теңгеге дейін 4,2 пайызға нығайды. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы" Заң жобасын қарау бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында баяндама жасаған кезде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Өткен аптада Ресейдің қор нарығының құлдырауы және рублінің әлсіреуі себебінен теңге бағамы құбылды. 9 - 11 сәуір аралығындағы 3 күн ішінде теңге 3,5 пайызға әлсіреді және бір АҚШ доллары үшін 330,88 теңге болды. Ұлттық банктің қалыптасып отырған ахуалға әсері бейтарап болғанын атап өтемін", - деп түсініктеме берді Ақышев.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Ғарышкер болмағанда мұғалім болар едім» — А.Айымбетов