Мәслихаттан шығып кеткендердің орнына жаңа депутаттар қайта сайланбақ, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сайлау 11 облыста, атап айтқанда Абай, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, СҚО және ШҚО, сондай-ақ Алматы қаласында өтеді. Барлығы 2 облыстық, 7 қалалық және 12 аудандық мәслихат депутаты сайланады.
Бір мандатты сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктен бөлек, азаматтар өз өздерін ұсына алады.
Құжаттар 30 тамыз бен 28 қыркүйек аралығында қабылданады.