2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін көбейеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ең төмен жалақыдан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.
Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірістері өседі.
Бірінші кезекте ең төмен жалақыны арттыру «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады. Ал екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төмен жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, ең төмен жалақы еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып есеетеледі және жыл сайын тиісті қаржы жылына сәйкес «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен белгіленеді.