Тыныштық күні және сайлау күні сайлауалды үгітке байланысты кез келген әрекетке тыйым салынады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
19 және 20 қараша күні, яғни сайлау қарсаңында және сайлау күні кез келген үгіт-насихат, сонымен қатар қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижелері мен сайлау нәтижесіне байланысты болжамдар жарияланбауы тиіс.
Тыйым салу кезеңінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 102-бабы бойынша жауапкершілік ескерілген.