© Inform.kz
Референдум 1995 жылы 29 сәуірде өтті. Референдумда қазақстандықтарға "Сіз 1991 жылғы 1 желтоқсанда халық болып сайлаған Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартуға келісесіз бе?" деген бір ғана сауал қойылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
1995 жылғы референдумда 8 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді. Сайлауға халықтың 91,21% - ы қатысты, сайлаушылардың 95,46% - ы "қолдап" дауыс берді. Референдум нәтижесінде Назарбаевтың президенттік өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
Естеріңізге сала кетейік, сайт еліміздегі президенттік сайлау шежіресі жөнінде деректерді жариялайды. Тәуелсіз еліміздің тарихында президенттік сайлау жетінші мәрте өткелі жатыр. Кезектен тыс сайлау 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.