© 1991.kz
Біз Қазақстандағы президент сайлауының тарихы бойынша жарияланымдар сериясын бастаймыз. Биыл 20 қарашада қазақстандықтар жетінші рет өз таңдауын жасайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық демократиялық Президент сайлауы өтті. Сол кезде республика тұрғындарының 98,8%-ы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді. Алғашқы сайлау сол кездегі КСРО ыдырауының қиын жағдайында өтті. Соған қарамастан, сайлауға дауыс берушілердің қатысуы деңгейі өте жоғары болды.
Сол жылы 10 желтоқсанда Алматыда Республика Сарайында Президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берді.