Қазір азаматтарға нақты тұрғылықты жері бойынша тіркелу қажет екені жөнінде SMS-хабарламалар келіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгінгі күні тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген адамдар тіркеуден шығарылған болса 1414 call-орталығы арқылы SMS жіберіледі.
Мұндай SMS алғандар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелуі керек.
"Егер сіз SMS алған кезде тіркеуді рәсімдеген болсаңыз, сізге бұл туралы хабарлаудың немесе call орталығына 1414 нөміріне қоңырау шалудың қажеті жоқ.
Тұрғылықты жері бойынша тіркелмегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Тұрғындарды тіркемегені үшін тұрғын үй иелеріне де осындай жауапкершілік жүктелген. Сондықтан, меншік иесі тұрғылықты жері бойынша тіркеуден бас тартса, көші-қон қызметіне хабарлауды сұраймыз",-деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.