ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №713 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Үкіметтің 07.10.2022 жылғы №796 қаулысына қол қойды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қаулыға сәйкес, демалыс күні 2022 жылғы 22 қазан, сенбіден 2022 жылғы 24 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.
Биыл 25 қазанда елдің ұлттық мерекесі ретінде алғаш рет Республика күні аталып өтеді. Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтарға мереке кезінде демалысын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.