“Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі 48 жастағы Қарақат Әбденді Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынды,деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қарақат Әбден Ақмола облысының тумасы, 4 баланың анасы.
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.
Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, ҚМДБ мүшесі.
Мемлекеттік қызметте, оның ішінде Салық комитетінің орталық аппаратында, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
VI шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының депутаты болды.
Қарақат Әбден Астанада "Қазақ қызы" еліміздегі тұңғыш әйелдер мәдени-адамгершілік ағарту институты ашқан.
"Сен қазақсың. Мақтан тұт" кітабының авторы.